1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-157 тіркелген, "Сандықтау вести" газетінде 2012 жылдың 24 тамызында жарияланған") 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 қаулысы күшін жойған деп танылсын.
2. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | А.Исмағамбетов |