Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/88 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-157 тіркелген, "Сандықтау вести" газетінде 2012 жылдың 24 тамызында жарияланған") 2012 жылғы 30 шілдедегі № А-7/278 қаулысы күшін жойған деп танылсын.
      2. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады