1. Байғанин аудандық әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 03 маусымдағы № 125 "Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4399 болып тiркелген, 2015 жылдың 15 шілдеде аудандық "Жем Сағыз " газетiнде және 2015 жылдың 14 шілдесінде "Әдiлет" АҚЖ-де жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Ж. Абитовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған кезiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | М. Аққағазов |