Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 125 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 маусымда № 4399 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 009 қаулысымен

      Ескерту. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 15.01.2016 № 009 қаулысымен (қол қойылған кезінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18 және 238 баптарына сәйкес Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш.Спановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi М.Аққағазов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
"03" маусым 2015 жыл
Б.Тұрлыбаев

  Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 03 маусымдағы
№ 125 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1.
бас дәрiгер
2.
бас дәрiгердiң орынбасарлары
3.
емхана, бөлiмше, кабинет, дәрiхана меңгерушiсi
4.
барлық мамандықтағы дәрiгерлер
5.
барлық мамандықтағы орта медициналық қызметкерлер
6.
әлеуметтiк қызметкерлер
2
Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1.
жұмыспен қамту орталығының басшысы
2.
жұмыспен қамту орталығының маманы
3.
әлеуметтiк қызметшi.
3
Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
1.
бiлiм беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалiмдері
2.
мектеп директоры
3.
мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi
4.
интернат меңгерушiсi
5.
директордың оқу жұмысы жөнiндегi орынбасары
6.
директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары
7.
директордың бейiмделу бойынша оқыту жөнiндегi орынбасары
8.
шеберхана меңгерушiсi
9.
алғашқы әскери даярлау бойынша оқытушы - ұйымдастырушы
10.
лагерь басшысы
11.
аға әдiскер, әдiскер
12.
кiтапхана меңгерушiсi
13.
кiтапханашы
14.
педагог-психолог
15.
әлеуметтiк педагог
16.
ұйымдастырушы педагог
17.
қосымша бiлiм педагогы
18.
дефектолог
19.
аға тәрбиешi, тәрбиешi
20.
аға шебер, өндiрiстiк оқыту шеберi
21.
музыкалық жетекшi
22.
дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы
23.
еңбек жөнiндегi нұсқаушы
24.
медициналық бике
25.
емдәмбике
26.
аға жетекші, жетекші
27.
хореограф
28.
зертханашы
29.
көркемдiк жетекшi
30.
суретшi
31.
кабинет меңгерушiсi
32.
қосымша бiлiм беру ұйымының директоры
4.
Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1.
ұйымның басшысы
2.
көркемдiк жетекшi
3.
әдiскер
4.
бөлiм меңгерушiсi
5.
суретшi
6.
аккомпаниатор
7.
режиссер
8.
фольклор жетекшiсi
9.
мәдени ұйымдастырушы
10.
хореограф
11.
кiтапханашы
12.
мәдени демалыс ұйымдастыру жөнiндегi маман
13.
библиограф
14.
редактор
15.
музыкалық жетекшi
16.
дыбыс режиссерi
17.
үйiрме жетекшiсi
5.
Спорт мамандарының лауазымдары:
1.
директор
2.
директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасары
3.
әдiскер
4.
спорт нұсқаушысы
5.
жаттықтырушы - оқытушы.
6.
Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1.
ветеринария ұйымының басшысы
2.
мал дәрiгерi
3.
мал дәрiгерлiк пункт меңгерушiсi
4.
ветеринарлық фельдшер.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады