Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 03 қаңтардағыі № 1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4664 болып тiркелген, аудандық "Қарғалы" газетінде 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 2-3 (4871-4872) санында және 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қ.Ізтілеуге жүктелсін.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.Сыдықов |