Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 03 қаңтардағы № 1 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 03 қаңтардағыі № 1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4664 болып тiркелген, аудандық "Қарғалы" газетінде 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 2-3 (4871-4872) санында және 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қ.Ізтілеуге жүктелсін.

      Қарғалы ауданының әкімі Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады