Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2016 жылғы 03 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 қаңтарда № 4664 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 22.01.2016 № 3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің өмірлік қызметін қамтамасыз ету мақсатында, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Х.Жылқыбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарғалы ауданының әкімі Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады