1. Қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | А. Аткиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ә. Әлмұхамбетов |
2016 жылғы 15 шілдедегі № 29 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1) "Мәртөк ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 155 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4187 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);2) "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 шешімі ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4406, 2015 жылғы 9 шілдеде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);
3) "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 ақпандағы № 229 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4812 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).