"Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 229 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 4812 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 15.07.2016 № 29 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4406, 2015 жылғы 9 шілдеде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының 8 тармағы келесі мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрағасы С. Үсенов
      Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы А. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады