1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округіндегі "Береке" шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 135 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4672 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а: | Т. Сенгалиев |