Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 135 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 4672 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 117 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 08.08.2016 № 117 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 30 шілдедегі № ВО 3-4/231 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Ойыл ауылдық округіндегі "Береке" шаруа қожалығы аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округінің әкімі: И. Сабиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады