1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы "Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 65 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 11 наурызында № 3750 тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 40 "Жетісу", 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 40 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулының ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |