Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы "Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 65 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 286 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы "Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 65 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 11 наурызында № 3750 тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 40 "Жетісу", 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 40 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулының ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады