"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы 8-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулылары күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі "Субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" (норматитік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 3294 тіркелген және "Жетісу" газетінде 2015 жылғы 23 шілдедегі № 83 және "Огни Алатау" газетінде 2015 жылғы 23 шілдедегі № 85 жарияланған) № 305 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркұйектегі "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (норматитік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 4 қараша № 3524 тіркелген және "Жетісу" газетінде 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 139-140 және "Огни Алатау" газетінде 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 139-140 жарияланған) № 428 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы "Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі "Субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" № 305 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" (норматитік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 29 қазанда № 3508 тіркелген және "Жетісу" газетінде 2015 жылғы 14 қарашадағы № 128 және "Огни Алатау" газетінде 2015 жылғы 14 қарашадағы № 128 жарияланған) № 473 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Облыс әкімі | А.Баталов |