"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е. Шинтуринов) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 1- қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2800 |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 854 |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 2-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының" (бұдан әрі - Қағидалар) 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы.
3. Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және ұрықтанған ірі қара малдың аналық басын тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
4. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таратылмайды) ірі қара малдың аналық мал басына ұрық сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 4-қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 5-қосымша |