Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 02.09.2016 № 453 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі "Субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" № 305 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3294 тіркелген, "Жетісу" газетінде 2015 жылғы 23 шілдедегі № 83 және "Огни Алатау" газетінде 2015 жылғы 23 шілдедегі № 83 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу, сондай-ақ, асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу шығындарын 50 %-ға дейін өтеу субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу, сондай-ақ, асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізуі үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу шығындарын 50 %-ға дейін өтеу субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.".
аталған қаулымен бекітілген 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулының 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "28" қазандағы № 473 қаулысына 1- қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2800 |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "28" қазандағы № 473 қаулысына 2- қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының" (бұдан әрі - Қағидалар) 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы.
3. Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және ұрықтанған ірі қара малдың аналық басын тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
4. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таратылмайды) ірі қара малдың аналық мал басына ұрық сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Ірі қара малдың, қойлардың асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алу жөніндегі шығындарын өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
1. Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықты сатып алуға арналған сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі.
2. Тауарлардың құнын төлеу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі.
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "28" қазандағы № 473 қаулысына 3- қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) |
Субсидияланатын көлем |
Субсидиясомасы |
Іріқара мал шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 2800 | 147 500 | 413 000,0 |
2. | Асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу шығындарын арзандату | бірлік | 50%-ына дейін | 1 | 35 000,0 |
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 18 000 | 77 653 | 1 397 767,0 |
2) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 20 000 | 25 340 | 506 792,0 |
3) | жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 93 | 9 672,0 |
2. |
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | ||||
1) | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 3 905 | 601 364,0 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан) | бас | 200 000 | 3 685 | 737 000,0 |
3) | импортталған асыл тұқымды селекциялық ірі қара мал | бас | 118 000 | 60 | 7 080,0 |
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 20 000 | 6 160 | 123 208,0 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу | ||||
1) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) | бас | 235 000 | 1 345 | 316 075,0 |
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 300 | 166 667 | 50 000,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 15 000 | 200 | 3 000,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 854 | 191 452 | 163 500,0 |
2. | Асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтар сатып алған, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу құнын арзандату | бірлік | 50%-ына дейін | 1 | 20 000,0 |
3. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы | бас | 1 500 | 264 327 | 396 490,0 |
2) |
асыл тұқымды зауыттармен шаруашылықтардағыасыл тұқымдық аналық қой басы | бас | 1 500 | 104 340 | 156 510,0 |
4. | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 11 001 | 88 004,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 1 169 | 46 750,0 |
Барлығы | 5 071 212 |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "28" қазандағы № 473 қаулысына 4- қосымша |
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) |
Субсидияланатын көлем |
Субсидия сомасы |
Еттібағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату: | 3 135,0 | 627 500,0 | ||
1) | 1-деңгей | килограмм | 300 | 1 231,0 | 369 325,0 |
2) | 2-деңгей | килограмм | 170 | 967,0 | 164 438,0 |
3) | 3-деңгей | килограмм | 100 | 937,0 | 93 737,0 |
2. | Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу | бас | 24000 | 3 000,0 | 72 000,0 |
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндірісінің құнын арзандату: | 30 470,0 | 618 700,0 | ||
1) | 1-деңгей | килограмм | 25 | 20 800,0 | 520 000,0 |
2) | 2-деңгей | килограмм | 15 | 400,0 | 6 000,0 |
3) | 3-деңгей | килограмм | 10 | 9 270,0 | 92 700,0 |
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс еті өндірісінің құнын арзандату: | 44 923,5 | 3 095 260,0 | ||
1) | 1-деңгей | килограмм | 70 | 32 578,0 | 2 280 460,0 |
2) | 2-деңгей | килограмм | 66 | 12 345,5 | 814 800,0 |
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: | 526 682,7 | 1 533 712,0 | ||
1) | 1-деңгей | дана | 3,0 | 410 842,7 | 1 232 528,0 |
2) | 2-деңгей | дана | 2,6 | 115 840,0 | 301 184,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа еті өндірісінің құынын арзандату | килограмм | 98 | 5 239,0 | 513 410,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату | 553,0 | 88 100,0 | ||
1) | 1-деңгей | килограмм | 200 | 328,0 | 65 597,0 |
2) | 2-деңгей | килограмм | 100 | 225,0 | 22 503,0 |
2. | Биязыжүні өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 130 | 1 107,0 | 143 909,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 92 | 551,0 | 50 633,0 |
2. | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | килограмм | 60 | 1 111,0 | 66 635,0 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе еті өндірісінің құнын арзандату: | килограмм | 90 | 74,8 | 6 728,0 |
2. | Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату: | килограмм | 55 | 1 298,0 | 71 410,0 |
Барлығы | 6 887 997,0 |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "28" қазандағы № 473 қаулысына 5- қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы (мың теңге) |
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 18 000,0 | 10 783,0 | 194 087,0 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | жемшөп тоннасы | 7 500,0 | 1 963,0 | 14 718,0 |
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен сүтті-тауарлы фермалар үшін ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату | бас | 20 000,0 | 5 018,0 | 100 360,0 |
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс еті өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 1-деңгей | килограмм | 70,0 | 7 506,0 | 525 445,0 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | жемшөп тоннасы | 7 500,0 | 37 436,0 | 280 770,0 |
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: | 244 370,0 | 721 527,0 | ||
1) | 1-деңгей | дана | 3,0 | 215 410,0 | 646 231,0 |
2) | 2-деңгей | дана | 2,6 | 28 960,0 | 75 296,0 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | жемшөп тоннасы | 7 500,0 | 37 630,0 | 282 223,0 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | жемшөп тоннасы | 7 500,0 | 7 316,0 | 54 870,0 |
Барлығы: | 2 174 000,0 |