Қапшағай қалалық мәслихатының:
1) 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық ставкаларын белгілеу туралы" № 174-33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 2-2-99 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 2 (65) жарияланған);
2) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы "Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" № 243-48 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 30 желтоқсанда № 2-2-113 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 55 (118) жарияланған);
3) 2015 жылғы 23 қазандағы "Қапшағай қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" №54-224 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3586 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 (354) жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қапшағай қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Ефименко |
Қапшағай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Ахметтаев |