Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 60-247 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қапшағай қалалық мәслихатының:
      1) 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық ставкаларын белгілеу туралы" № 174-33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 2-2-99 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 2 (65) жарияланған);
      2) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы "Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" № 243-48 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 30 желтоқсанда № 2-2-113 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 55 (118) жарияланған);
      3) 2015 жылғы 23 қазандағы "Қапшағай қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" №54-224 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3586 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 (354) жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Қапшағай қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Ефименко
      Қапшағай қалалық
      мәслихатының хатшысы Қ. Ахметтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады