1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | Ә. Далбағаев |
Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 336 қаулысына қосымша |
Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 905 "Ақсу ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы " қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 желтоқсанда № 2-4-141 болып тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2012 жылы 13 қаңтарда жарияланған);2. Ақсу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 қаңтардағы № 3 "Ақсу ауданында қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ" бас бостандығынан айыру орындарынан бостылған адамдар үшін жұмыс орындарынаквота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 2291 болып тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2013 жылы 09 ақпанда жарияланған);
3. Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 179 "Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 19 маусымда № 2754 болып тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2014 жылы 19 шілдеде жарияланған);
4. Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 19 "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 12 ақпанда № 3707 болып тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған).