"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
екі және одан көп ай жұмыс істемейтін тұлғалар;
бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
елу жастан асқан тұлғалар.
2. Ақсу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 12 желтоқсанында № 2509 тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2013 жылдың 21 желтоқсанында № 50-51 (9685) жарияланған) № 730 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекбаланов Қайрат Тынбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Далбағаев |