РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Ақсу ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылдың 24 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-4-139 нөмірмен енгізілген, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2011 жылғы 10 желтоқсанда 50(95-81) нөмірімен жарияланған).
2) Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі "Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 517 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылдың 19 қазан нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2149 нөмірмен енгізілген, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2012 жылғы 27 қазанда 45(9627) нөмірімен жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә.Дүйсембаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ақсу ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі бастығы | Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы |