"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпандағы "Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (2016 жылдың 09 наурызында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3746 болып енгізілген, 2016 жылғы 17 наурыздағы аудандық "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінің № 13 (169) нөміріне жарияланған) № 56-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Ұйғыр аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Дауренбеков |
Ұйғыр аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Н. Есжан |