Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы № 56-2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 09 наурызда 3746 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 6-2-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 01.04.2016 № 6-2-12 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданы бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383–баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 40 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Х. Имиров
      Мәслихат хатшысы Н. Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады