БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9193 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 52 (28276) санында жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4-1/147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9216 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 54 (28278) санында жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков