Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 "Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4-1/147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 наурызда № 9216 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.04.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9193 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесінің 30-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы 14 ақпандағы және 2014 жылғы 28 ақпандағы хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады