Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" №49 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 2 наурыздағы №2955 болып тіркелген, Байзақ аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі №36 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |