Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" №49 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 229 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" №49 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 2 наурыздағы №2955 болып тіркелген, Байзақ аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі №36 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Шүкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады