Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Cарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 54-5 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 2844 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 119 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Шешімнің көшірмесі Жамбыл облысы Әділет департаментіне жолдансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Құлыбеков Қуаныш Қайратұлына жүктелсін.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат хатшысының |
сессиясының төрағасы | міндетін атқарушы |
___________Б. Садуақасов | ___________________Р. Мұханов |