Cарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 54-5 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 60-9 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Cарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 54-5 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 2844 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, "Сарысу" газетiнiң 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 119 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Шешімнің көшірмесі Жамбыл облысы Әділет департаментіне жолдансын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Құлыбеков Қуаныш Қайратұлына жүктелсін.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат хатшысының
      сессиясының төрағасы міндетін атқарушы
      ___________Б. Садуақасов ___________________Р. Мұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады