«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 414 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8533 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек