Сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8533 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 278 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.03.2016 № 278 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын, 15-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны Мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Жұмағалиев 

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
      2013 жылғы 31 мамырдағы № 414  
бұйрығына 1-қосымша      

Сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы

      1. Осы Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Өлшемдерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      тәуекел – бұл көлік оқиғаларының, апаттардың және авариялардың нәтижесінде, оның салдарының ауырлығын есепке ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      тексерілетін субъектілер – сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілер, жеке кәсіпкерлікке субъектілеріне жатпайтындар.
      3. Жоспарлы тексеруді өткізудің кезеңділігі тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен айқындалады.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері екі түрге бөлінеді:
      1) объективтік – тексерілетін субъектілердің қызметін жүзеге асыру кезінде мүмкін тәуекелдің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективтік – тексерілетін субъектілер жіберген бұзушылықтарға байланысты анықталады.
      Субъективтік өлшемдер өрескел, елеулі, шамалы бұзушылықтардан тұрады.
      5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бастапқы жатқызу тек тәуекелді бағалау дәрежесінің объективтік өлшемдері негізінде жүзеге асырылады:
      1) жоғары дәрежелі тәуекелге:
      жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер;
      қауіпті жүктердің тасымалын жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер;
      қызметі порттарды, айлақтарды, шлюздарды, кемежайларды, өткелдерді, көпірлерді, затондарды, рейдтерді, кеме жүретін су жолдарын немесе навигациялық жабдық құралдарын, шағын өлшемді кемелердің база-тұрақтарын пайдаланумен және күтіп-ұстаумен, кемелерді жалға берумен байланысты тексерілетін субъектілер жатады;
      2) орташа дәрежелі тәуекелге:
      кемелерді және (немесе) жүзбелі құралдарды сүйреумен және жиектеумен айналысатын тексерілетін субъектілер жатады;
      3) болмашы дәрежелі тәуекелге:
      жүктер (қауіпті жүктен басқа) тасымалын жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер;
      меншік құқығында немесе келісім-шарт негізінде балық кәсібіне, қызметтік-жүріп тұруға арналған немесе арнайы мақсаттағы кемелерді пайдаланатын тексерілетін субъектілер жатады.
      6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша қайталама жатқызу жинаған баллдардың сомасына байланысты субъективтік өлшемдерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының көлік заңнамаларының талаптарын барлық бұзушылықтар үш түрге бөлінеді: өрескел, елеулі және шамалы бұзушылықтар:
      1) өрескел бұзушылықтарына мыналар жатады:
      осы кеме үшін белгіленген кемені дұрыс пайдалануды, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды, нормалар мен талаптарды сақтамау арқылы кемені ақаулы техникалық жағдайда пайдалану: жүзу ауданы, жағадан алыстауы, кеме жүзуі мүмкін толқын биіктігі, суда отыруы, су үстіндегі борт, шекті қуаты және қозғалтқыштардың саны; желкендердің рұқсат етілген ауданы, жүк көтергіштігі, жолаушылар сыйымдылығы, кеменің құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықпен жабдықталмауы;
      шағын көлемді кемелер мен сүйретпелі жүзу құралдарын шағын көлемді кеме мен сүйретпелі жүзу құралдарында отырған кеме жүргізуші мен өзге де тұлғаларға арналған тиісті өлшемдегі жеке құтқару құралдарымен жабдықтамау;
      кемедегі жолаушы сыйымдылығы нормаларының сақталмауы;
      жүк көтерімділік және кемеге жүкті дұрыс орналастыру нормаларының сақталмауы;
      кеменің жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының жоқтығы;
      кеме жүргізушіде кеме құжаттарының (кеме билеті) және шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлігінің жоқтығы;
      шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) тіркелмеген кемелерді сақтайтын тұрақтардың болмауы;
      шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жыл сайынғы техникалық байқау актісінің болмауы;
      шағын өлшемді кемелердің айлақтарда және елді мекендердің шекараларында, порттарда, жағалауларда, шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) 20 километр сағаттан (бұдан әрі - км/сағаттан) артық жылдамдықпен жүруі;
      шағын өлшемді моторлы кемелердің жағажайларда және суға түсетін орындарда 10 км/сағаттан артық жылдамдықпен жүруі;
      шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісінде кеменің жүзуге жарамдылығына жыл сайынғы техникалық куәландыру белгісі бар кеме билетінің жоқтығы;
      кеме тұрағына арналған базалардың (құрылыстардың) жіберу режимін сақтамау;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекiтiлген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес (бұдан әрі - Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде мынадай кеме құжаттарының болмауы:
      кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын және кемеге меншiк құқығын растайтын кеме куәлiгi; осы куәлiктің нысаны Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен бекітілген;
      шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк; осы куәлiктің нысаны Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен бекітілген;
      кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi, осы куәліктің нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы) қаулысымен бекітілген;
      өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналы (вахталық журнал), осы журнал нысаны Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасымен бекітілген;
      кеме рөлi (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi, осы кеме экипажы мүшелерінің тізімі нысаны Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасымен бекітілген;
      радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса), осы радиожурнал нысаны Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасымен бекітілген;
      кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса), осы кеме станциясының рұқсат нысаны «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген;
      машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн), осы машина журналы нысаны Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасымен бекітілген;
      кеменi қарап шығудың бiрыңғай кiтабы, осы кемені қарап шығудың бірыңғай кітабының нысаны Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасымен бекітілген;
      санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кеменің санитарлық паспорты, осы нысандар Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7424 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 2 маусымдағы № 166-168 (26985-26987) жарияланған және Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7424 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 2 маусымдағы № 166-168 (26985-26987) жарияланған;
      кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiк, осы куәлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі 781 қаулысымен бекітілген;
      кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк, осы куәлік нысаны Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасымен бекітілген;
      кеме құжаттарының оларға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізілмеуі;
      кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау үшін кеме экипажының ең аз құрамы талаптарына сәйкес келмеу;
      Өзен және теңіз көлігінде қоршаған ортаны қорғау және кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» және 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулыларымен бекітілген, кеме экипажының аз құрамына қойылатын талаптар кеме экипажына сәйкес келмеуі;
      кемінде 1,0 км-ге шектелген кезде тұтану температурасы 60Cо-тан төмен, жарылғыш немесе улы зат қалдықтары бар мұнай жүкті кемелерді қоспағанда жарамды қолданыстағы радиолокатор, компас және радиостанциясымен жабдықталмаған кемелердің жүзуі;
      жүзуге шыққан күндегі кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамының талаптарынан кемінде бекітілген тіркеп сүйреу шартына сәйкес жол серіктерінің немесе экипаж объектісі тіркеп сүйреу толықтығы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 790 қаулысымен бекітілген Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасын сақтамау;
      экипаждың немесе жолсеріктің кеме экипажының ең аз құрамы туралы талаптармен белгіленгеннен кем дегенде кеменің жүзуге шыққан күні оның экипаж санымен сүйреу шартына сәйкес сүйрелетін объектінің жинақталу тәртібін сақтамауы;
      кіреберісте және траптарда тұтқалардың немесе леерлердің, ұзындығы 30 метрден кем емес құтқару дөңгелектерінің, жарықтың, сонымен бірге траптың және кіреберістің алаңы астында тартылған сақтандыру торының болмауы;
      кеменің су жолдарында навигациялық жабдықтың латеральдық жүйесінсіз қозғалған кезде навигациялық жағдайдың белгісі бойынша бағытталу арқылы кеме жол шегінде қозғалуы;
      кеменің белгіленген кеме жолдарының шегінен тыс, сонымен бірге кеме жолы жабдықталмаған (кеме қозғалысы үшін жарамды болған жағдайда) су жолдарында жүзуіне уәкілетті органның келісімінің болмауы;
      кеменің Қазақстан Республикасының кеме тізілімдерінің бірінде мемлекеттік тіркеуінің болмауы: Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, кеме кітабында, бербоут-чартер тізілімінде, Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде;
      Кеме экипажының мүшелерiн дипломдау ережелерiне сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар адамдардың кеме экипажы мүшелерiнiң қызметтерiн атқаруға рұқсатының болмауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеме тізіліміне мемлекеттік тіркеу жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидасымен;
      өздерiнiң денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын куәландыратын куәлiктерi бар тұлғалардың кемеде жұмыс iстеуге рұқсатының болмауы;
      кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды құтқару құралдарымен қамтамасыз етпеуі;
      кеме иесiнің оның кемелері ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру кезінде көмек көрсетпеуі;
      кеме капитанының, кеменi басқаруды, соның iшiнде кеме жүргiзуді, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны қорғауды, кемедегi тәртiптi сақтауды, кемеге, кемедегi адамдар мен жүкке зиян келтiрудi болғызбауды қамтамасыз етпеуі;
      кеме капитанының егер бұл көмек өз кемесі, оның экипажы және жолаушылар үшін елеулі қауіпсіз көрсетілсе, теңізде апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетпеуі;
      кеме капитаны кемелер соқтығысқан жағдайда, мүмкiн болған жағдайда өз кемелерiнiң атауларын, олар тiркелген порттарды, сондай-ақ шыққан және баратын порттарын хабарлау арқылы егер қолданылатын шаралар өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей жасау мүмкiн болса, екiншi кеменi құтқару үшiн тиiстi шараларды қабылдамауы;
      кеме капитанының кеме бортындағы адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, ол көмектi кеме теңiзде жүрген, жақын арадағы портқа кіруі кезінде көрсету мүмкiн болмаған жағдайда шара қабылдамауы немесе кеме шетелдiк портқа кiрген немесе ондай адам шетелдiк портқа жеткiзiлген жағдайда, кеме иесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне хабарлау арқылы ондай адамды ең жақын портқа жеткiзу жөнiнде шараларды қабылдамауы;
      кеме капитаны кемеге опат болу қаупi төнген жағдайда кемедегi жолаушылардың қауiпсiздiгiн және кеме құжаттары мен өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдамауы;
      кеме капитаны кеменің қирау қаупі жағдайында кеме экипажының жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша барлық шараларды (кемені соңғы емес тастап кетуі) қабылдамауы;
      кеме капитаны кеме иесiне авариялық жағдай, кеменің не экипаждың бірінші қазақстандық портқа келуі туралы хабарламауы, үш тәулiк ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзінді-көшірмелердi, қатысы бар куә адамдардың түсiнiктемелерiн бермеуі. Қажет болған жағдайда өздігінен жазатын ленталарды, олардың шифрін, қосымшасымен жол картасын, маневрлеу схемасын, ақаулық схемасы мен сызбаларын, өзге қажетті құжаттарды ұсынбауы;
      теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде теңiз порты капитанымен кеме құжаттарының болуына, кеменiң негiзгi сипаттамасының кеме құжаттарына сәйкестiгiне, кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуына тексерістің болмауы;
      теңіз кемелерінің Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемеде өз атауының болмауы;
      батып кеткен мүлік иесінің осындай кемені көтеру ниеті туралы мүлік батқан күннен бастап 1 жыл ішінде уәкілетті органды хабарламауы;
      жүктерді тиеу және кемеде бекіту бойынша техникалық талаптарды сақтамау;
      кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етпеуі;
      кеменiң меншiк иесiнің және (немесе) кеме иесiнің кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты тұлғаларды тағайындауы туралы құжаттың болмауы;
      кеменiң меншiк иесiнің және (немесе) кеме иесiнің кеме қатынасы  қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес кеменi техникалық жарамды күйде тиісті ұстауын және кеме экипажын жасақтауын қамтамасыз етпеуі;
      ішкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi уақтылы хабардар етпеу;
      кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындауды қамтамасыз етпеуі;
      кеменің iшкi су көлiгi саласындағы қауiпсiздiк, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болмауы;
      кемеде вахталық, штурмандық, адамдарды құтқарудың жалпы кеме қызметтерiн ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (жағдайы, жүргiзу сапасы), соның ішінде вахталар кестесi, дабылдар бойынша кестесінің жоқтығы;
      кемеде Мемлекеттік тудың, құбырда таңбаның, бортта кеме атауының (нөмірінің) және тіркеу нөмірінің, корпуста жүк маркасының болмауы және тиісті емес жағдайы;
      кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгілiк сызбаларына сәйкессіздігі;
      жолаушылар сыйымдылығының және жүк көтерiмділігінің, су бетiндегi борттың биiктiгi нормаларын (жүк таңбасы бойынша), кеменi басқару постынан көрудi қамтамасыз етуді сақтамау;
      кемеде жарық, көру және дыбыс сигнализациясының жоқтығы және тиісті емес жұмыс жасауы;
      кемеде навигациялық, штурмандық және электр радионавигациялық аспаптардың жоқтығы және тиісті жұмыс жасамауы;
      кемеде ұжымдық және жеке құтқару құралдарының, пиротехниканың, авариялық жабдықтау санының, оларды таңбалаудың, орналасуының және сақталуының белгіленген нормаларына сәйкессіздігі;
      экипаждың штаттық кестеге және кеме экипажының ең аз құрамы туралы ережеге сәйкес жасақталмауы;
      командалық және қатардағы құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының (бiлiктiлiк куәлiктерiнiң), дипломдарға бақылау талондарының, аттестаттау туралы анықтамаларының жоқтығы;
      вахталарды атқару режимiн, оқу дабылдарын өткізу және руль құрылғысы iстен шыққан кезде iс-қимыл жөнінде жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгiн сақтамауы;
      экипаж мүшелерiнiң руль құрылғысы iстен шыққан кезде дабыл бойынша iс-әрекет етудi бiлмеуi;
      кемелердің ішкі су жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туынсыз жүзуі;
      кезекшi қайықтардың оларды түсiруге және көтеруге ыңғайлы жерде бес минуттан аспайтын уақыт iшiнде түсiруге тұрақты дайын жағдайда орналастыруды қамтамасыз етпеу;
      құтқару және кезекшi қайықтарда олардың көлемi және оларға сиятын адамдардың саны туралы анық және шайылмайтын белгiлермен жазылған мәліметтің болмауы;
      құтқару салдары олардың бекiтпесiн қолмен босатып алатындай етiп орналастыруын қамтамасыз етпеу;
      құтқару салдарында анық және шайылмайтын белгiлермен басылған олардың көтере алатын адамдардың саны туралы мәліметтің болмауы;
      теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн құтқару дөңгелектерiнің жоқ болуы;
      кеменiң екi бортында құтқару дөңгелектерiнің және мүмкiндiгiнше барлық ашық палубаларда олардың оңай қол жетімділігінің жоқтығы;
      құтқару дөңгелектерiнiң кемiнде жартысында суда сөнбеуге тиiс өздiгiнен тұтанатын оттардың жоқтығы;
      оларды дөңгелектерге бекiту үшiн қажеттi құралмен бiрге оларға арналған дөңгелектерге жақын жерде өздiгiнен тұтанатын оттардың болмауы;
      теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн құтқару кеудешесiнің болмауы;
      теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн олар кез келген уақытта пайдалануға дайын болатындай құтқару кеудешесiнің сақталуын қамтамасыз етпеу;
      вахталық персоналдарға арналған құтқару кеудешелерi вахта болу орындарында (көпiршеде, радиорубкада және машина бөлiмiнде) сақтауды қамтамасыз етпеу;
      теңiз кемесi командасының әрбiр мүшесi үшiн гидротермокостюмнің жоқ болуы;
      теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн жылу қорғау құралының жоқ болуы;
      түсiру құрылғыларының шығырлары құтқару және кезекшi қайықтарды пайдалану жүзеге асырылатын жағдайларда тростың босаңсуының туындауын болдырмайтын автоматты жоғары жылдамдықты қатайту құрылғысының жоқтығы;
      барлық құтқару құралдары әрбiр он екi айда техникалық қызметтен өтпеуі;
      Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасында қызмет көрсететін персонал және кеме иелерінің таныстыру бойынша құжаттардың болмауы;
      теңiз кемесiнiң палубасында орналасқан жерден не құтқару немесе кезекшi қайықтардан бiр адам әрекетке келтiретiн түсiрiп-отырғызатын сырғымалардың болмауы;
      кеме жүргізушілерін және қызмет көрсететін персоналды шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныстыру бойынша құжаттаманың жүргізілмеуі;
      азаматтарды кемелерді жалға алу пункттерінің акваториясында кемені пайдалану қауіпсіздігі шараларымен таныстыру бойынша құжаттаманы жүргізбеу;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) база тұрақтың су акваториясы бойынша және тиісті ауданда кемелердің қозғалу схемасының жоқтығы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) база тұраққа уақытында оралмаған кемелерді іздеу және оларға көмек көрсету бойынша іс шаралар жоспарының жоқтығы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) ағымдағы тәулікке ауа райы болжамы туралы мәліметтің болмауы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) суда адамдармен болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша плакаттардың жоқтығы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) айлақ, пирс, кіреберіс, леерлік бағана арасында 1500 милиметрден кем емес қашықтықпен 900 милиметрден кем емес биіктікте бекітілген, су жақта сақтандыру леерлері бар көпіршелердің болмауы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) су айлағын дамбалармен, понтондармен, бактармен немесе жүзбелі белгілермен қоршауының болмауы;
      шегінен жалға берілетін жүзу құралдарын шығаруға тыйым салынатын кемелерді жалға беру пункттеріндегі су акваторияларының жүзбелі белгілермен қоршауының жоқтығы;
      тұрақты және мерзімді техникалық байқауды жүргізу мерзімдерін сақтамау;
      порт құрылыстарын техникалық байқау журналының және теңіз порты паспортының болмауы және оларды тиісінше жүргізбеу, осы нысандар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 «Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген;
      айлақ құрылысының қазық және шой құрылғылары техникалық жарамсыз күйде және өз сипаттамалары бойынша айлаққа арқандалатын кемелерге сәйкес емес;
      кемелер арқандармен қазық құралдарына арқандалмаған;
      кордон сызығынан 2 метр ендіктің сыртында айлақ құрылғылары кордонында жүктерді қаттап жинау.
      2) елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:
      қауiптi жүк, сондай-ақ екi мың тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иесiнде ластау үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандырудың немесе «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталатын ластаудан болған залал үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалуын қаржылық қамтамасыз етуінің жоқтығы;
      кеменiң бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болмауы, осы нысан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І «Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiн бекiту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1956) бұйрығымен бекітілген;
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі шарты мен полисінің болмауы;
      кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды қауiпсiз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеуі;
      кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен қамтамасыз етпеуі;
      кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықталуын қамтамасыз етпеуі;
      кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетiн үй-жайлармен қамтамасыз етпеуі;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеменің экипаж құрамына шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар кіру мүмкіндігі бар шарттардың сақталмауы;
      батып кеткен мүлік иесінің батып кеткен мүлік кеме қатынасының қауіпсіздігіне қауіп төндірген немесе қоршаған ортаға ластаумен шығын келтірген не биологиялық су ресурстарының кәсібін, ішкі су көлігіндегі қызметті және ішкі су жолдарының шегінде жол жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыруға кедергі келтірген жағдайда уәкілетті органның талабы бойынша белгіленген мерзімде батып кеткен мүлікті көтеруді және қажет болған жағдайда оны алып тастауды немесе жоюды орындамауы;
      ішкі су жолдарымен жүктерді тасымалдау кезінде көлік құжаттамасының болмауы және дұрыс емес ресімделуі;
      кеме иелерінің және (немесе) кеме жүргізушісінің кеме қатынасы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерінің, өзге қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқытуларды жүргізбеуі;
      кемеде штаттық кестенің және кемені пайдалану режимі және экипаж жұмысы туралы кеме иесі бұйрығының (немесе өзге құжаттың) болмауы;
      кемеде iшкi су жолдарының навигациялық карталарының болмауы;
      кемені сенімді басқаруға берудің Теңіз кемесінің мемлекеттік тізілімінде жоқтығы;
      шағын өлшемді кемелердің база-тұрақтарының және су айлағына жататын аумақты жарықтандыру үшін жарық құралдарының болмауы, тиісті емес жай-күйі;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) айлақтарды, пирстарды, бокстарды жарықтандыру үшін жарық құралдарының, арқандап байлау құралдарының және өртке қарсы құралдардың болмауы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) арқандап байлау бөшкелерінде арқандап байлауға рұқсат етілген кемелер саны көрсеткішінің болмауы;
      шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) жағалау аумағы қоршауының болмауы;
      уәкілетті органның аумақтық органын кемемен, оның ішінде шағын өлшемді кемемен, кеме капитанымен, кеме жүргізушісімен, кеме иесімен, гидротехникалық құрылыстың лауазымды тұлғасының көлік апаты туралы хабарламауы;
      жағалауды бекіткіш құрылғылардың қиябетінде кез-келген заттардың қаттап жиналудың болуы;
      әрбiр құтқару дөңгелегiнде латын әлiпбиiнiң баспа әрiптерiмен басылған теңіз кемесінiң атауы мен тiркелген портының жоқтығы;
      3) шамалы бұзушылықтарға мыналар жатады:
      ішкі су жолдарының кемесінде атаудың, тіркеу пунктінің, сәйкестендіру нөмірінің, шақыру сигналының және кеменің техникалық жабдықталуына байланысты серіктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмірінің және кеме станциясын таңдаулы шақыру нөмірінің болмауы;
      уақытша жұмыстар аяқталғаннан кейін уақытша жұмыстарды жүргізу үшін жағалау белдеуін пайдаланатын адамдардың ішкі су жолдарының жағалау белдеуінде тазалауды және жайластыруды жүргізбеуі;
      ішкі су жолдарындағы жағалау белдеулерінде навигациялық жүрісті қоспағанда, кеме жүрісіне бағытталған тұрақты оттардың болмауы;
      кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін жағалау белдеуін пайдалану;
      ішкі су жолдарының шегіндегі айлақта және жағалау белдеулерінде ішкі су жолдарына және жағалау белдеулеріне теріс әсер көрсететін және (немесе) оларды пайдалануды қиындататын қадағалаусыз кемелердің, құрылыстардың бар болуы.
      8. Әрбір жасалған бұзушылық үшін тексерілетін субъектіге балдар беріледі:
      бір өрескел бұзушылық үшін – бес балл;
      бір елеулі бұзушылық үшін – үш балл;
      бір шамалы бұзушылық үшін – бір балл.
      9. Жыл қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдарының саны жинақталады. Тәуекелдің болмашы дәрежесіне он баллға дейін жинаған субъектілер жатады. Тәуекелдің орташа дәрежесіне оннан жиырма баллға дейін жинаған субъектілер жатады. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жиырма және одан жоғары балл жинаған субъектілер жатады.
      10. Бір топтың ішінде бөлу мына тәртіпте жүргізіледі:
      тексеру жоспарына бірінші кезекте ең көп балл жинаған тексерілетін субъектіні енгізеді. Бірдей балл сандарын жинаған субъектілердің ішінен тексеру жоспарына бірінші кезекте ең көп өрескел бұзушылықтар жасаған субъектіні енгізеді. Өрескел бұзушылықтардың саны бірдей болған жағдайда ең көп едәуір бұзушылық жасаған субъект енгізіледі. Едәуір бұзушылықтардың саны бірдей болған жағдайда бірінші кезекте тексеру жоспарына өткен жылда жүк немесе жолаушы тасымалын ең көп жасаған тексерілетін субъекті енгізіледі.
      11. Тексерілетін субъектілерді алдағы жылда (тоқсанда, жарты жылдықта) объективті және субъективті бағалау бойынша бөлу жылдың басталуына дейін (тоқсанда, жарты жылдықта) 20 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 31 мамырдағы № 414  
бұйрығына 2-қосымша      

нысан

Сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласында
қызметті жүзеге асыратын субъектілерді мемлекеттік қадағалау
бойынша тексеру парағының нысаны 

Тексеруді тағайындаған орган
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті
___________________________________________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгендігі туралы мәліметтер)
Тексеруді өткізу мерзімі
___________________________________________________________________

Тексерілетін кезең __________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
_____________________________________________________________________

р/с

Талап/
Бұзушылық түрі

ИЯ/ЖОҚ/
талап
етілмейді

Ескертпе:

1

Осы кеме үшін белгіленген кемені дұрыс пайдалануды, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды, нормалар мен талаптарды сақтау арқылы кемені ақаусыз техникалық жағдайда пайдалану: жүзу ауданы, жағадан алыстауы, кеме жүзуі мүмкін толқын биіктігі, суда отыруы, су үстіндегі борт, шекті қуаты және қозғалтқыштардың саны; желкендердің рұқсат етілген ауданы, жүк көтергіштігі, жолаушылар сыйымдылығы, кеменің құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықпен жабдықталуы

/ /


2

Шағын көлемді кемелер мен сүйретпелі жүзу құралдарын шағын көлемді кеме мен сүйретпелі жүзу құралдарында отырған кеме жүргізуші мен өзге де тұлғаларға арналған тиісті өлшемдегі жеке құтқару құралдарымен жабдықтау

/ /


3

Кемедегі жолаушы сыйымдылығы нормаларының сақталуы

/ /


4

Жүк көтерімділік және кемеге жүкті дұрыс орналастыру нормаларының сақталуы

/ /


5

Кеменің жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуы

/ /


6

Кеме жүргізушіде кеме құжаттарының (кеме билеті) және шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлігінің болуы

/ /


7

Шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) тіркелмеген кемелерді сақтайтын тұрақтардың болуы

/ /


8

Шағын өлшемді кемелердің айлақтарда және елде мекендердің шекараларында, порттарда, жағалауларда, шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) 20 км сағаттан кем жылдамдықпен жүруі

/ /


9

Шағын өлшемді моторлы кемелердің жағажайларда және суға түсетін орындарда 10 км сағаттан кем жылдамдықпен жүруі

/ /


10

Шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісінде кеменің жүзуге жарамдылығына жыл сайынғы техникалық куәландыру белгісі бар кеме билетінің болуы

/ /


11

Кемелердің тұрағына арналған базалардың (құрылыстардың) жіберу режимін сақтауы

/ /


12

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде мынадай кеме құжаттарының болуы:
1) кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын және кемеге меншiк құқығын растайтын кеме куәлiгi;
2) шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк;
3) кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi;
4) өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналы (вахталық журнал);
5) кеме рөлi (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi;
6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн);
9) кеменi қарап шығудың бiрыңғай кiтабы;
10) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кемеге санитарлық паспорт;
11) кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiк;
12) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк.

/ /


13

Кеме құжаттарының оларға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізілуі

/ /


14

Кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау үшін кеме экипажының ең аз құрамы талаптарына сәйкес келетін экипажының болуы

/ /


15

Кемінде 1,0 км-ге шектелген кезде тұтану температурасы 60 С-тан төмен, жарылғыш немесе улы зат қалдықтары бар мұнай жүкті кемелерді қоспағанда жарамды қолданыстағы радиолокатор, компас және радиостанциясымен жабдықталған кемелердің жүзуі

/ /


16

Экипаждың немесе жолсеріктің кеме экипажының ең аз құрамы туралы талаптармен белгіленгеннен кем дегенде кеменің жүзуге шыққан күні оның экипаж санымен сүйреу шартына сәйкес сүйрелетін объектінің жинақталу тәртібін сақтауы

/ /


17

Кіре берісте және траптарда тұтқалардың немесе леерлердің, ұзындығы 30 метрден кем емес құтқару дөңгелектерінің, жарықтың, сонымен бірге траптың және кіре берістің алаңы астында тартылған сақтаушы тордың болуы

/ /


18

Кеменің су жолдарында навигациялық жабдықтың латеральдық жүйесімен қозғалған кезде навигациялық жағдайдың белгісі бойынша бағытталу арқылы кеме жол шегінде қозғалуы

/ /


19

Кеменің белгіленген кеме жолдарының шегінен тыс, сонымен бірге кеме жолы жабдықталмаған (кеме қозғалысы үшін жарамды болған жағдайда) су жолдарында жүзуіне уәкілетті органның келісімінің болуы

/ /


20

Кеменің Қазақстан Республикасының кеме тізілімдерінің бірінде мемлекеттік тіркеуінің болуы: Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, кеме кітабында, бербоут-чартер тізілімінде, Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде

/ /


21

Кеме экипажының мүшелерiн дипломдау ережелерiне сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар адамдардың кеме экипажы мүшелерiнiң қызметтерiн атқаруға жіберу

/ /


22

Өздерiнiң денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын куәландыратын куәлiктерi бар тұлғалардың кемеде жұмыс iстеуге рұқсатының болуы

/ /


23

Кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды құтқару құралдарымен қамтамасыз етуі

/ /


24

Кеме иесiнің оның кемелері ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру кезінде көмек көрсетуі

/ /


25

Кеме капитанының, кеменi басқаруды, соның iшiнде кеме жүргiзуді, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны қорғауды, кемедегi тәртiптi сақтауды, кемеге, кемедегi адамдар мен жүкке зиян келтiрудi болғызбауды қамтамасыз етуі

/ /


26

Кеме капитанының егер бұл көмек өз кемесі, оның экипажы және жолаушылар үшін елеулі қауіпсіз көрсетілсе, теңізде апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетуі

/ /


27

Кеме капитаны кемелер соқтығысқан жағдайда, мүмкiн болған жағдайда өз кемелерiнiң атауларын, олар тiркелген порттарды, сондай-ақ шыққан және баратын порттарын хабарлау арқылы егер қолданылатын шаралар өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей жасау мүмкiн болса, екiншi кеменi құтқару үшiн тиiстi шараларды қабылдауы

/ /


28

Кеме капитанының кеме бортындағы адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, ол көмектi кеме теңiзде жүрген, жақын арадағы портқа кіруі кезінде көрсету мүмкiн болмаған жағдайда шара қабылдауы немесе кеме шетелдiк портқа кiрген немесе ондай адам шетелдiк портқа жеткiзiлген жағдайда, кеме иесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне хабарлау арқылы ондай адамды ең жақын портқа жеткiзу жөнiнде шараларды қабылдауы

/ /


29

Кеме капитаны кемеге опат болу қаупi төнген жағдайда кемедегi жолаушылардың қауiпсiздiгiн және кеме құжаттары мен өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдауы

/ /


30

Кеме капитаны кеменің қирау қаупі жағдайында кеме экипажының жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша барлық шараларды қабылдағаннан кейін кемені соңғы тастап кетуі

/ /


31

Кеме капитаны кеме иесiне авариялық жағдай, кеменің не экипаждың бірінші қазақстандық портқа келуі туралы хабарламауы, үш тәулiк ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарлауы, кеме құжаттарынан үзінді-көшірмелердi, қатысы бар куә адамдардың түсiнiктемелерiн беруі. Қажет болған жағдайда өздігінен жазатын ленталарды, олардың шифрін, қосымшасымен жол картасын, маневрлеу схемасын, ақаулық схемасы мен сызбаларын, өзге қажетті құжаттарды ұсынуы

/ /


32

Теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде теңiз порты капитанының кеме құжаттарының болуына, кеменiң негiзгi сипаттамасының кеме құжаттарына сәйкестiгiне, кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуына тексеріс

/ /


33

Батып кеткен мүлік иесінің осындай кемені көтеру ниеті туралы мүлік батқан күннен бастап 1 жыл ішінде уәкілетті органды хабарлауы

/ /


34

Жүктерді тиеу және кемеде бекіту бойынша техникалық талаптарды сақтауы

/ /


35

Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуі

/ /


36

Кеменiң меншiк иесiнің және (немесе) кеме иесiнің кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты тұлғаларды тағайындауы туралы құжаттың болуы

/ /


37

Кеменiң меншiк иесiнің және (немесе) кеме иесiнің кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес кеменi техникалық жарамды күйде тиісті ұстауын және кеме экипажын жасақтауын қамтамасыз етуі

/ /


38

Ішкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi уақтылы хабардар ету

/ /


39

Кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындауды қамтамасыз ету

/ /


40

Кеменің iшкi су көлiгi саласындағы қауiпсiздiк, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болуы

/ /


41

Кемеде вахталық, штурмандық, адамдарды құтқарудың жалпы кеме қызметтерiн ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (жағдайы, жүргiзу сапасы), соның ішінде вахталар кестесi, дабылдар бойынша кестесінің болуы

/ /


42

Кемеде Мемлекеттік тудың, құбырда таңбаның, бортта кеме атауының (нөмірінің) және тіркеу нөмірінің, корпуста жүк маркасының болуы және тиісті жағдайы

/ /


43

Кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгілiк сызбаларына сәйкестігі

/ /


44

Жолаушылар сыйымдылығының және жүк көтерiмділігінің, су бетiндегi борттың биiктiгi нормаларын (жүк таңбасы бойынша), кеменi басқару постынан көрудi қамтамасыз етуді сақтау

/ /


45

Кемеде жарық, көру және дыбыс сигнализациясының бар болуы

/ /


46

Кеме қатынасы нормалары бойынша кемеде навигациялық, штурмандық және электр радионавигациялық аспаптардың бар болуы

/ /


47

Кемеде ұжымдық және жеке құтқару құралдарының, пиротехниканың, авариялық жабдықтау санының, оларды таңбалаудың, орналасуының және сақталуының белгіленген нормаларына сәйкестігі

/ /


48

Экипаждың штаттық кестеге және кеме экипажының ең аз құрамы туралы ережеге сәйкес жасақталуы

/ /


49

Командалық және қатардағы құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының (бiлiктiлiк куәлiктерiнiң), дипломдарға бақылау талондарының, аттестаттау туралы анықтамаларының бар болуы

/ /


50

Вахталарды атқару режимiн, оқу дабылдарын өткізу және руль құрылғысы iстен шыққан кезде iс-қимыл жөнінде жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгiн сақтауы

/ /


51

Экипаж мүшелерiнiң руль құрылғысы iстен шыққан кезде дабыл бойынша iс-әрекет етудi бiлуi

/ /


52

Кемелердің ішкі су жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзуі

/ /


53

Кезекшi қайықтарды оларды түсiруге және көтеруге ыңғайлы жерде бес минуттан аспайтын уақыт iшiнде түсiруге тұрақты дайын жағдайда орналастыру

/ /


54

Құтқару және кезекшi қайықтарда олардың көлемi және оларға сиятын адамдардың саны туралы анық және шайылмайтын белгiлермен жазылған мәліметтің болуы

/ /


55

Құтқару салдары олардың бекiтпесiн қолмен босатып алатындай етiп орналастыруын қамтамасыз ету

/ /


56

Құтқару салдарында анық және шайылмайтын белгiлермен басылған олардың көтере алатын адамдардың саны туралы мәліметтің болуы

/ /


57

Теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн құтқару дөңгелектерiнің болуы

/ /


58

Кеменiң екi бортында құтқару дөңгелектерiнің болуы және мүмкiндiгiнше барлық ашық палубаларда олардың оңай қол жетімділігі

/ /


59

Әрбiр құтқару дөңгелегiнде латын әлiпбиiнiң баспа әрiптерiмен басылған кеменiң атауы мен тiркелген портының болуы

/ /


60

Құтқару дөңгелектерiнiң кемiнде жартысында суда сөнбеуге тиiс өздiгiнен тұтанатын оттардың болуы

/ /


61

Оларды дөңгелектерге бекiту үшiн қажеттi құралмен бiрге оларға арналған дөңгелектерге жақын жерде өздiгiнен тұтанатын оттардың болуы

/ /


62

Теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн құтқару кеудешесiнің болуы

/ /


63

Теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн олар кез келген уақытта пайдалануға дайын болатындай құтқару кеудешесiн сақтау

/ /


64

Вахталық персоналдарға арналған құтқару кеудешелерi вахта болу орындарында (көпiршеде, радиорубкада және машина бөлiмiнде) сақтау

/ /


65

Теңiз кемесi командасының әрбiр мүшесi үшiн гидротермокостюмнің болуы

/ /


66

Теңiз кемесiндегi әрбiр адам үшiн жылу қорғау құралының болуы

/ /


67

Теңiз кемесiнiң палубасында орналасқан жерден не құтқару немесе кезекшi қайықтардан бiр адам әрекетке келтiретiн түсiрiп-отырғызатын сырғымалардың болуы

/ /


68

Түсiру құрылғыларының шығырлары құтқару және кезекшi қайықтарды пайдалану жүзеге асырылатын жағдайларда тростың босаңсуының туындауын болдырмайтын автоматты жоғары жылдамдықты қатайту құрылғысының болуы

/ /


69

Құтқару құралдары әрбiр он екi айда техникалық қызметінің болуы

/ /


70

Кеме жүргізушілерін және қызмет көрсететін персоналды шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасында көрсетілген таныстыру бойынша құжаттаманың болуы және жүргізілуі

/ /


71

Азаматтарды кемелерді жалға алу пункттерінің акваториясында кемені пайдалану қауіпсіздігі шараларымен таныстыру бойынша құжаттаманың болуы және жүргізілуі

/ /


72

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) база тұрақтың су акваториясы бойынша және тиісті ауданда кемелердің қозғалу схемасының болуы

/ /


73

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) база тұраққа уақытында оралмаған кемелерді іздеу және оларға көмек көрсету бойынша іс шаралар жоспарының болуы

/ /


74

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) ағымдағы тәулікке ауа райы болжамы туралы мәліметтің болуы

/ /


75

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) суда адамдармен болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша плакаттардың болуы

/ /


76

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) айлақ, пирс, кіре беріс, леерлік бағана арасында 1500 мм-ден кем емес қашықтықпен 900 мм-ден кем емес биіктікте бекітілген, су жақта сақтандыру леерлері бар көпіршелердің болуы

/ /


77

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) су айлағын дамбалармен, понтондармен, бактармен немесе жүзбелі белгілермен қоршауының болуы

/ /


78

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) жағалау аумағы қоршауының болуы



79

Шегінен жалға берілетін жүзу құралдарын шығаруға тыйым салынатын кемелерді жалға беру пункттеріндегі су акваторияларының жүзбелі белгілермен қоршауының болуы

/ /


80

Кеменiң бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болуы



81

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі шарты мен полисінің болуы

/ /


82

Кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды қауiпсiз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуі

/ /


83

Кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету

/ /


84

Кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетiн үй-жайлармен қамтамасыз етуі

/ /


85

Кеме иесiнің экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықталуы



86

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеменің экипаж құрамына шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар кіру мүмкіндігі бар шарттардың сақталуы

/ /


87

Батып кеткен мүлік иесінің батып кеткен мүлік кеме қатынасының қауіпсіздігіне қауіп төндірген немесе қоршаған ортаға ластаумен шығын келтірген не биологиялық су ресурстарының кәсібін, ішкі су көлігіндегі қызметті және ішкі су жолдарының шегінде жол жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыруға кедергі келтірген жағдайда уәкілетті органның талабы бойынша белгіленген мерзімде батып кеткен мүлікті көтеруді және қажет болған жағдайда оны алып тастауды немесе жоюды орындауы

/ /


88

Ішкі су жолдарымен жүктерді тасымалдау кезінде көлік құжаттамасының болуы және дұрыс ресімделуі

/ /


89

Кеме иелерінің және (немесе) кеме жүргізушісінің кеме қатынасы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерінің, өзге қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқытуларды жүргізуі

/ /


90

Кемеде штаттық кестенің және кемені пайдалану режимі және экипаж жұмысы туралы кеме иесі бұйрығының (немесе өзге құжаттың) болуы

/ /


91

Кемеде iшкi су жолдарының навигациялық карталарының болуы

/ /


92

Кемені сенімді басқаруға берудің Теңіз кемесінің мемлекеттік тізілімінде, Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тіркеудің болуы

/ /


93

Шағын өлшемді кемелердің база-тұрақтарының және су айлағына жататын аумақты жарықтандыру үшін жарық құралдарының болуы, тиісті жай-күйі

/ /


94

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) айлақтарды, пирстарды, бокстарды жарықтандыру үшін жарық құралдарының, арқандап байлау құралдарының және өртке қарсы құралдардың болуы

/ /


95

Шағын өлшемді кеменің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) арқандап байлау бөшкелерінде арқандап байлауға рұқсат етілген кемелер саны көрсеткішінің болуы

/ /


96

Ішкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi уақтылы хабардар етуі

/ /


97

Қауiптi жүк, сондай-ақ екi мың тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иесiнде ластау үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандырудың немесе «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен анықталатын ластаудан болған залал үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалуын қаржылық қамтамасыз ету

/ /


98

Ішкі су жолдарының кемесінде атаудың, тіркеу пунктінің, сәйкестендіру нөмірінің, шақыру сигналының және кеменің техникалық жабдықталуына байланысты серіктік байланыс станциясының сәйкестендіру нөмірінің және кеме станциясын таңдаулы шақыру нөмірінің болуы



99

Мемлекеттік кеме тізіліміне мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің өзінің атауы болмау

/ /


100

Уақытша жұмыстар аяқталғаннан кейін уақытша жұмыстарды жүргізу үшін жағалау белдеуін пайдаланатын адамдардың ішкі су жолдарының жағалау белдеуінде тазалауды және жайластыруды жүргізуі

/ /


101

Ішкі су жолдарындағы жағалау белдеулерінде навигациялық жүрісті қоспағанда, кеме жүрісіне бағытталған тұрақты оттардың болмауы

/ /


102

Кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін жағалау белдеуін пайдаланудың болмауы

/ /


103

Ішкі су жолдарының шегіндегі айлақта және жағалау белдеулерінде ішкі су жолдарына және жағалау белдеулеріне теріс әсер көрсететін және (немесе) оларды пайдалануды қиындататын қадағалаусыз кемелердің, құрылыстардың болмауы

/ /


104

Тұрақты және мерзімді техникалық байқауды жүргізу мерзімдерін сақтау

/ /


105

Порт құрылыстарын техникалық байқау журналының және теңіз порты паспортының болуы және оларды тиісінше жүргізу

/ /


106

Айлақ құрылысының қазық және шой құрылғылары техникалық жарамды күйде болады және өз сипаттамалары бойынша айлаққа арқандалатын кемелерге сәйкес келеді

/ /


107

Кемелер арқандармен тек қазық құралдарына ғана арқандалады

/ /


108

Кордон сызығынан 2 метр ендіктің сыртында айлақ құрылғылары кордонында жүктерді қаттап жинау

/ /


109

Жағалауды бекіткіш құрылғылардың қиябетінде кез-келген заттардың қаттап жиналудың болуы

/ /



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады