1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қырқүйектегі № 52/05 "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберiнде шағын несие беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2803 болып тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2014 жылғы 28 қазандағы № 209 (21843), "Индустриальная Караганда" 2014 жылғы 28 қазандағы № 193 (21714) газеттерінде, 2014 жылғы 03 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |