Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қырқүйектегі № 52/05 "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберiнде шағын несие беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылғанын тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 31/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қырқүйектегі № 52/05 "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберiнде шағын несие беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2803 болып тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2014 жылғы 28 қазандағы № 209 (21843), "Индустриальная Караганда" 2014 жылғы 28 қазандағы № 193 (21714) газеттерінде, 2014 жылғы 03 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады