1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 01/01 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 6 (2195) нөмірінде және 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) 2011 жылғы 11 тамыздағы № 17/25 "Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-126 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 77 (1943) нөмірінде жарияланған);
3) 2012 жылғы 22 қазандағы № 22/01 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағндар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 11 тамыздағы № 17/25 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1986 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 60 (2031) нөмірінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Имамбайға С.С. жүктелсін.
Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
Ыдырысов А.А. |