Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамыздағы "Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 17/25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-6-126 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 7 қазандағы 77 (1943) нөмірінде ресми жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыпша келесі редакцияда жазылсын:
"Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) проценті мөлшерінде.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелінсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б.Д. Ахметов |