Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамыздағы N 17/25 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қыркүйекте N 8-6-126 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 17/09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.05.2016 № 17/09 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2012.10.22 N 22/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде меншік нысандарына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының 3 (үш) проценті мөлшерінде;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) проценті мөлшерінде.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2012.10.22 N 22/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қала кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің басшылары белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санын бөлсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім
Б.К. Шыңғысов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады