"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 145 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 30 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9804 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурыздағы жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 129 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылғы 7 қазандағы № 30 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11012 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдедегі жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі                     А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 30 мамырдағы   
№ 145 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) діни қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттілігі болған жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде көрінуге құқылы.
      6. Комитет, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің келісімі арқылы Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
      9. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін Істері комитеті» мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Комитетке өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері

      13. Міндеттері:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамамен Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      14. Функциялары:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысады;
      2) республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
      4) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      5) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асырады;
      6) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      7) Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызмет етуіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауға келісім береді;
      8) діни қызмет саласында шет мемлекеттердің уәкілетті орғандарымен ынтымақтастық ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      9) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сонымен қатар діни қызмет саласында халықаралық келісімдер, меморандумдар мен шарттар әзірлейді;
      10) діни қызмет және діни бірлестіктермен әрекеттестік мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
      11) діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады;
      12) өз құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
      13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
      14) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      15) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      16) заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;
      17) өз құзыреті шегінде экстремизмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
      18) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
      19) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
      20) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз етеді;
      21) заңнамамен бекітілген тәртіпте діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;
      22) Комитетің қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асырады;
      23) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      15. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
      2) Комитет құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      3) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;
      4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
      5) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Комитет қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:
      1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда);
      4) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
      5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
      6) Министрліктің басшылығымен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынастығы ұйымдар басшыларын тағайындайды;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
      8) Комитеттің Әкімшілік және кадрлық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, экономика және қаржы басқармаларына жетекшілік етеді;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
      11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселер бойынша шешім қабылдайды.
      Комитет бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
      2) Комитет басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Комитет қызметін ұйымдастырудың басқа мәселелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, Министрліктің және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.

4. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения Республиканского государственного учреждения "Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан"

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 145

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1003 «Вопросы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение Республиканского государственного учреждения «Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан».
      2. Признать утратившими силу:
      1) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 30 «Об утверждении Положения Республиканского государственного учреждения «Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9804, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 3 марта 2015 года);
      2) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 129 «О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 30 «Об утверждении Положения Республиканского государственного учреждения «Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11012, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 23 июля 2015 года).
      3. Комитету по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсах Министерства культуры и спорта Республики Казахстан и Комитета по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр культуры и спорта
      Республики Казахстан                       А. Мухамедиулы

Утверждено   
приказом Министра
культуры и спорта
Республики Казахстан
от 30 мая 2016 года
№ 145      

Положение Республиканского государственного учреждения
«Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта
Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее - Комитет) является ведомством Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее - Министерство) осуществляющим регулирование в сфере религиозной деятельности.
      2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Комитет является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Комитет вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Комитет имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством.
      6. Комитет по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами Председателя Комитета.
      7. Структура и штатной численности Комитета утверждаются Ответственным секретарем Министерства по согласованию с Министром культуры и спорта Республики Казахстан.
      8. Местонахождение Комитета: 010000, город Астана, Есильский район, улица Орынбор, дом 8, здание «Дом министерств», подъезд № 15.
      9. Полное наименование Комитета - государственное учреждение «Комитет по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан».
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.
      11. Финансирование деятельности Комитета осуществляется из республиканского бюджета.
      12. Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Комитета.
      Если Комитету законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Основные задачи, функции, права и обязанности Комитета

      13. Задачи:
      1) выработка предложений по формированию и реализация государственной политики в сфере религиозной деятельности и взаимодействия с религиозными объединениями;
      2) осуществление иных задач, возложенных на Комитет законодательством Республики Казахстан.
      14. Функции:
      1) участвует в реализации основных направлений государственной политики в сфере религиозной деятельности и взаимодействия с религиозными объединениями;
      2) проводит изучение и анализ религиозной ситуации в республике;
      3) проводит изучение и анализ деятельности созданных на территории Республики Казахстан религиозных объединений, миссионеров, духовных (религиозных) организаций образования;
      4) обеспечивает осуществление разъяснительной работы по вопросам, относящимся к его компетенции;
      5) осуществляет информационно-пропагандистские мероприятия по вопросам, относящимся к его компетенции;
      6) обеспечивает проведение религиоведческих экспертиз;
      7) согласовывает деятельность иностранных религиозных объединений на территории республики, назначение иностранными религиозными центрами руководителей религиозных объединений в Республике Казахстан;
      8) организует и осуществляет сотрудничество с уполномоченными органами иностранных государств в сфере религиозной деятельности;
      9) осуществляет международное сотрудничество по вопросам религиозной деятельности и взаимодействия с религиозными объединениями, а также разрабатывает соглашения, меморандумы и договора, в том числе международные, в сфере религиозной деятельности;
      10) координирует деятельность местных исполнительных органов областей, города республиканского значения и столицы по вопросам религиозной деятельности и взаимодействия с религиозными объединениями;
      11) осуществляет методическое руководство местных исполнительных органов в сфере религиозной деятельности;
      12) разрабатывает и участвует в разработке нормативных правовых актов в сфере религиозной деятельности в пределах своей компетенции;
      13) участвует в разработке стратегических и программных документов по вопросам религиозной деятельности и взаимодействия с религиозными объединениями;
      14) рассматривает обращения физических и юридических лиц, касающиеся нарушений законодательства Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      15) вносит в правоохранительные органы предложения по запрещению деятельности физических и юридических лиц, нарушающих законодательство Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      16) в установленных законодательством случаях и порядке составляет протоколы об административных правонарушениях;
      17) в пределах своей компетенции реализует профилактические меры, направленные на предупреждение экстремизма, осуществляет противодействие терроризму;
      18) вносит предложения по совершенствованию системы национальной безопасности в пределах своей компетенции, а также обеспечение соблюдения законов и иных нормативных правовых актов в области национальной безопасности;
      19) обеспечивает защиту прав потребителей при оказании государственных услуг Комитетом в пределах своей компетенции;
      20) обеспечивает соблюдение принципов гендерного равенства в кадровой политике Комитета;
      21) проводит правовой мониторинг нормативных правовых актов в сфере религиозной деятельности в порядке, установленном законодательством;
      22) осуществляет руководство соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении организаций, находящихся в ведении Комитета;
      23) осуществляет иные функции, установленные законодательством Республики Казахстан.
      15. Права и обязанности:
      1) принимать в пределах своей компетенции правовые акты, в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;
      2) организовывать и проводить мероприятия в пределах компетенции Комитета;
      3) создавать консультативно-совещательные органы при Комитете;
      4) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      5) осуществлять управление имуществом, переданным Комитету;
      6) соблюдать законодательство Республики Казахстан;
      7) осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Комитета

      16. Руководство Комитетом осуществляется Председателем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций.
      17. Председатель Комитета назначается на должность и освобождается от должности Министром культуры и спорта Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      18. Председатель имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей Ответственным секретарем Министерства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Полномочия Председателя Комитета:
      1) представляет Ответственному секретарю Министерства предложения по структуре и штатному расписанию Комитета;
      2) определяет полномочия своих заместителей, утверждает положения о структурных подразделениях Комитета, должностные инструкции работников структурных подразделений Комитета;
      3) в установленном законодательством порядке назначает на должность и освобождает от должностей работников Комитета (за исключением заместителей Председателя Комитета);
      4) вносит представления Ответственному секретарю Министерства о назначении на должности и освобождения от должностей, а также о поощрении и привлечении к дисциплинарной ответственности заместителей председателя Комитета;
      5) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования, а также привлечения к дисциплинарной ответственности работников Комитета (за исключением заместителей председателя);
      6) назначает по согласованию с руководством Министерства руководителей подведомственных организаций в установленном законодательством порядке;
      7) в пределах своей компетенции подписывает приказы, дает указания, обязательные для исполнения работниками Комитета;
      8) курирует Управления административной и кадровой работы, правового обеспечения, экономики и финансов Комитета;
      9) представляет Комитет в государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;
      10) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Комитете и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      11) принимает решения по другим вопросам, относящимся к его компетенции.
      Исполнение полномочий Председателя Комитета в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      20. Заместители Председателя Комитета:
      1) координируют деятельность Комитета в пределах своих полномочий;
      2) осуществляют иные функции определяемые Председателем Комитета.
      21. Иные вопросы организации деятельности Комитета регламентируются нормативными правовыми актами Республики Казахстан, приказами Министерства и Комитета.

4. Имущество Комитета

      22. Комитет имеет на праве оперативного управления обособленное имущество.
      Имущество Комитета формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской собственности.
      24. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Комитета

      25. Реорганизация и упразднение Комитета осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень республиканских государственных учреждений,
находящихся в ведении Комитета

      1. Республиканское государственное учреждение «Международный центр культур и религий» Комитета по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.
      2. Республиканское государственное учреждение «Научно-исследовательский и аналитический центр по вопросам религии» Комитета по делам религий Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.