"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11012 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 145 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.05.2016 № 145 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 7 қазандағы № 30 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9804 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 5 наурызда № 43 (28521) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі»;
      15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Функциялары:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысады;
      2) республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдарының қызметін зерделеп, оған талдау жүргізеді;
      4) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      5) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асырады;
      6) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      7) Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызмет етуіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауға келісім береді;
      8) діни қызмет саласында шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтастық ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      9) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сонымен қатар діни қызмет саласында халықаралық келісімдер, меморандумдар мен шарттар әзірлейді;
      10) діни қызмет және діни бірлестіктермен әрекеттестік мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
      11) діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады;
      12) өз құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
      13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
      14) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      15) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      16) заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;
      17) өз құзыреті шегінде экстремизмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
      18) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
      19) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
      20) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз етеді;
      21) заңнамамен бекітілген тәртіпте діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;
      22) «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;
      23) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.»;
      20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Комитет Төрағасының өкілеттігі:
      1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда);
      4) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
      5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
      6) Министрліктің басшылығымен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынастығы ұйымдар басшыларын тағайындайды;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
      8) Комитеттің Әкімшілік және кадрлық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, экономика және қаржы басқармаларына жетекшілік етеді;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
      11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселер бойынша шешім қабылдайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады