Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №111-қ "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2407 болып тіркелген, "Әділет" ақпаратттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылы 29 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ш. Сұңғат) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Әкім | Н. Тәжібаев |