Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 111-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 2407 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 67-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 25.03.2016 № 67-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған, аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
      2. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Сұңғат Шынар Сұңғатқызы) аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Оңдабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Е. Әбілов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шамғали Смитұлы Хамиев
      31.03.2014 ж.

      "Мұнайлы аудандық тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушы көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Қарасай Бегалыұлы Абыханов
      31.03.2014 ж.

      "Мұнайлы аудандық экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шынар Сұңғатқызы Сұңғат
      31.03.2014 ж.

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 111-қ қаулысымен бекітілген

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

      Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 0 теңгеден
500 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 3 пайыз
Таза табыс 500 001 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 1 000 001 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 7 пайыз
Таза табыс 2 000 001 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 10 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін
300 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз
Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
1 140 000 теңге + 10 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
7 140 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
47 140 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады