Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 431 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкiмдіктің
2016 жылғы 21 сәуірдегі
№ 431 қаулысына қосымша

Рудный қаласы әкімдігінің кейбір күші

жойылған қаулыларының тізбесі

       1. "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылғы 11 мамырдағы № 617 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9–2–213 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      2. "2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1594 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      3. "2016 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1595 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      4. "Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1735 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6091 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      5. "2016 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1595 әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1827 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6124 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Рудного

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 21 апреля 2016 года № 431

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата города Рудного согласно прилагаемому перечню.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.
      Аким города Рудного Б. Гаязов

  Приложение
к постановлению акимата
от 21 апреля 2016 года № 431

Перечень утративших силу некоторых

постановлений акимата города Рудного

      1. Постановление акимата города Рудного "Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" от 11 мая 2012 года № 617 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9–2–213, опубликовано 8 июня 2012 года в газете "Рудненский рабочий").
      2. Постановление акимата города Рудного "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2016 году" от 4 ноября 2015 года № 1594 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6026, опубликовано 8 декабря 2015 года в газете "Рудненский рабочий").
      3. Постановление акимата города Рудного "Об определении целевых групп населения в 2016 году" от 4 ноября 2015 года № 1595 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6027, опубликовано 8 декабря 2015 года в газете "Рудненский рабочий").
      4. Постановление акимата города Рудного "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно–исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы" от 7 декабря 2015 года № 1735 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6091, опубликовано 31 декабря 2015 года в газете "Рудненский рабочий").
      5. Постановление акимата города Рудного "О внесении изменений в постановление акимата от 4 ноября 2015 года № 1595 "Об определении целевых групп населения в 2016 году" от 28 декабря 2015 года № 1827 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6124, опубликовано 15 января 2016 года в газете "Рудненский рабочий").