Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 431 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
5-5) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота Рудный қаласының барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санынан бес проценті мөлшерінде белгіленсін.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өтініш жасаған қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа бағытталған кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 618 "Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9–2–214 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі |
Б. Ғаязов |