"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылған деп танылсын:
1) Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған);
2) Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 41 "Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4526, 2014 жылғы 24 ақпанда "Наше время" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жаманов