Денисов ауданы әкімдігі қаулыларының күші жойылғаны деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 26 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылған деп танылсын:
      1) Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған);
      2) Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 41 "Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4526, 2014 жылғы 24 ақпанда "Наше время" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жаманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады