1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Досовка ауылында орналасқан ірі қара малдың бруцеллез ауруынан таза емес "Тобольское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағынан шектеу іс-шаралары 2016 жылғы 17 мамырдан бастап тоқтатылсын.
2. Покров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 1 "Шектеу іс-шараларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5933 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2015 жылғы 22 қазанда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
К. Игламова |