Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 5933 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 17.05.2016 № 2 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысының Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Досовка ауылы мекенжайында орналасқан "Тобольское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Покров ауылдық
      округінің әкімі К. Игламова

      КЕЛІСІЛДІ
      "Денисов ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________________ В. Шерер
      "Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы министрлігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетiнiң
      Денисов аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының
      міндетін атқарушы
      ______________________ Л. Покотило
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай
      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментінің Денисов аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
      _______________________ С. Бакиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады