Шектеу іс-шараларды тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қантарды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 01-27/190 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Досовка ауылында орналасқан ірі қара малдың бруцеллез ауруынан таза емес "Тобольское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағынан шектеу іс-шаралары 2016 жылғы 17 мамырдан бастап тоқтатылсын.
      2. Покров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 1 "Шектеу іс-шараларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5933 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2015 жылғы 22 қазанда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
       К. Игламова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады