1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" № 344/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 тіркелді, 2015 жылғы 27 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жодауды;
осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |