Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 № 125/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының
17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы “Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы” № 280 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешендік жоспарының 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі келесі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2.
"Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің |
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Р/с № |
Ерекшелік атауы |
Оқшаулау түрі |
1 |
Келесі ерекшеліктер болғанда: |
аукцион түрінде сауда-саттық жүргізу |
2 |
Келесі ерекшеліктер бар болғанда: |
коммерциялық тендер түрінде сауда-саттық жүргізу |
3 |
Келесі ерекшеліктер бар болғанда: |
тікелей мекенжайдан сату |
4 |
Келесі ерекшеліктер болғанда: |
қор биржасында сауда-саттық жүргізу |