Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" № 344/11 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 125/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" № 344/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 тіркелді, 2015 жылғы 27 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жодауды;
      осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады